Ресей Одесса қаласын дронмен атқылады: ерлі-зайыпты қаза тапты

28 маусымға қараған түні Ресей әскері Украинадағы Одесса қаласына шабуылдаушы дрондармен соққы жасады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Тұрғын үйге дронмен соққы беріліп, өрт шықты.
Қаза тапқандар арасында бір отбасы – құтқарушылар үйінді астынан ерлі-зайыптылардың денесін алып шықты. Бұл туралы Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипер хабарлады.
Жалпы, кем дегенде 14 адам жарақат алды, олардың үшеуі – балалар.
Фото: Efrem Lukatsky/AP Photo/picture alliance